Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы Басқару институты биылғы жылы 🎓БОЛАШАҚ МАГИСТРАНТТАР үшін 5 түрлі оқу бағдарламасын ұсынады.

Солардың алғашқыларының бірі АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ (MHRM, 1 жыл) бағдарламасы.

КІМДЕР ОҚИ АЛАДЫ?
-Мемлекеттік қызметшілер
-Жеке және коммерциялық емес секторлардағы мамандар.

👍🏻БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
✔️Адами ресурстарды басқару бойынша магистратураның мамандандырылған білім беру бағдарламасы;
✔️HR құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және оларды «Assessment Center» әдісі бойынша құзыреттілікті бағалау кезінде қолдану;
✔️HR мамандарын тарту, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлердің көшпелі сабақтары мен қонақ дәрістерін өткізу.

📌ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ:
🔻Құжаттарды тапсыру сәтінде МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӨТІЛІ БІР ЖЫЛДАН КЕМ БОЛМАУЫ ҚАЖЕТ;
🔻Тілдік деңгейді анықтайтын келесі сертификаттардың бірінің болуы:
IELTS кемінде 4,0 балл
TOEFL PBT кемінде 437
TOEFL IBT кемінде 41
DUOLINGO кемінде 55
🔻Жоғарыда көрсетілген сертификаттар болмаған жағдайда – төрт дағды бойынша(оқылым, тыңдалым, тілдік дағды, жазылым) APTIS тестін тапсыру қажет.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша:
☎️+7 (7172) 753395
📩admission@apa.kz
🌐www.apa.kz